- Подробности
-
Просмотров: 2431
Мен Қобланды Ерсайын Саянұлы 2012 – 2015 жж Қарағанды қаласының маңызды білім беретін «Болашақ» колледжінде, қазақ тілі мен қазақ қазақ әдебиеті пәні мамандығы бойынша білім алдым. 2015 – 2017 жылдары аралығында Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББ мектебі КММ – де қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым, 2017 жылдың маусым айынан бастап Қарқаралы ауданының Жастар ресурстық орталығының маманы болып қызмет атқардым, 2019 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Қарқаралы қаласының Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББ мектебі КММ жанындағы интернат директоры қызметін атқарудамын. Сонымен қатар Қарқаралы ауданының «Нұр Отан пратиясы «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы», Қарқаралы ауданының «Жастар маслихатының» төрағасы лауазымдарын атқарамын. Сонымен қатар осы жылдар ішінде «Өлеңдер жинағы» атты өлеңдер жинағымды жарыққа шығардым, «Jas Project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында 1 000 000 грант ұтып алып жобамды іске асырдым. Үздік жұмыс істегенім үшін Қарқаралы ауданы әкімінің алғыс хатымен, Қарқаралы ауданы маслихаты төрағасының дипломымен т.б марапаттармен марапатталдым.
____________________________________________________________________________________________________________________
Мен Балтабек Ақерке Бақытжанқызы 2011-2015 жж. аралығында Қарағанды қаласы маңызды білім беретін «Болашақ» колледжінде негізгі білім беру мамандығы бойынша білім алдым. 2015-2018 жылдар аралығында Қарағанды облысының Әділет департементінің инспекторы қызметін атқардым. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-нің инспекторымын. Мен өзімнің лауазымдық қызметім барысында ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес қазақ әліпбиімізді латын графикасына көшіру бағытындағы жұмыстарды жүргізу барысында мемлекеттік мекемелермен, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен өз құзыретім бойынша тығыз жұмыстар жүргіземін.
____________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________
Мен Хасенов Сағат Ғабдрашитұлы 2008 жылы «Болашақ» колледжіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2011 жылдың маусым айында колледждің үздік бітіруші түлегі болдым. 2011-2014 жылдар аралығында Қарағанды «Болашақ» университетіне түсіп, «Құқықтану» мамандығын жалғастырып, құқық бакалавры академиялық дәрежесіне ие болдым.Сондай-ақ, 2013-2014 жылдардағы сол оқу аралықтарда Қарағанды жастар мемлекеттік қызмет мектебіне түсіп, «экономиканы мемлекеттік реттеу» бағыты бойынша тағылымдаманың толық курсын үздік бітірдім. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылдым. 6 ай отандық қызметімді Отар горнизоны, Қарасай батыр атындағы оқу орталығында, 30212 әскери бөлімде Т-72 танкі механика-жүргізуші маман ретінде үйреніп, ондағы әскери жауынгерлік міндетімді үздік орындадым. Отар горнизонында 6 ай өткен оқудан кейін Семей қаласы әскеріне жіберілдім. Онда 30217 әскери бөлімі танкілер батальонына түстім. Бұл борышымды адал қызметпен жауынгерлік даярлықтан өту барысында, «Орталық-2015» далалық оқу жаттығуларында жоғары көрсеткіштер көрсетіп, сонымен қатар, жан-жақты қоғамдық іс-шараларға ат салысып, мадақтама грамоталармен және алғыстармен марапатталдым. 2015 жылдың қарашасының 18-ші жұлдызында мемлекеттік қызметке тест тапсырып, бір жылдық мерзімге сертификат алдым. Конкурстық іріктеу жұмыстары жүріп жатқан жағдайда, уақытты өлтіріп алмас үшін 2016 жылдың қаңтарынан бастап ауылдық мектепке жұмысқа тұрып, музыка пәнінен сабақ бердім. Аптасына 2 сағаттан беріп, табысым 7 мың болды. Сол тапқаныма шүкір етіп, жұмысымды жалғастыра бердім. Содан 2016 жылдың 1-ші сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық әкімшілігіне келісім шарт бойынша маман болып жұмысқа қабылдандым. 2016 жылдың желтоқсан айында сол әкімшілікке келісім шарт бойынша бас маман болып тағайындалдым. 2017 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметкер болып, бас маман қызметіне ауыстым. 2018 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің м.а. лауазымына тағайындалсам, 2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ертіс ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалдым. Ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының жастар саясатының дамуына қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
Данышпан Абай айтқандай, «Адам бол - мал тап»,- деген екен. Жалпы білім алудың арқасында малда болады, ойлаған арманда болады деп ойлаймын.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дартаев Айдын Батырланұлы – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2011 жылғы түлегі, ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Ол 1992 жылы 9 желтоқсанда Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2011 жылы күрестің самбо және дзюдо түрлерінен ҚР спорт шебері атағын алған. 2010 жылы Грузияда өткен самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2005 жылы Түркияда өткен дзюдодан әлем кубогының жеңімпазы, 2012 жылы Ташкентте өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ақжігіт Оралов – колледждің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының 2017 жылғы түлегі, қазақ күресі мен дзюдодан ҚР-ның спорт шебері. Ақжігіт 1996 жылы 15 ақпанында дүниеге келген қазақтың қайсар жігіті. Ол бағындырмаған белес жоқ десе де болғандай. 2013жылдың 22-24 наурызы аралығында Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы, Шиелі кентінде өткен қазақ күресінен 1-орын; самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 3-орын, Семей қаласында 8-10 ақпанда өткізілген дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 3-орын; самбодан қазақтың тұңғыш Әлем чемпионы Қанат Байшолақовты еске алуға арналған самбо күресінен республикалық турнирінен 1-орын; 24-25 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен қазақ күресінен 1-орын; 2013 жылдың 01.09-21.09 аралығында Алматы қаласында өткен Үшінші Евразиялық спорт ойындарынан қазақ күресінен 1-орын; 2015 жылдың 9-12 қазанында Латвия астанасы Ригада 1997-98 жылы туған ер балалар мен 1995-96 жылы туған жастар арасында самбодан өткен әлем біріншілігінде 3-орын, 2013 жылдың 01-21 қыркүйек күндерінде Алматыда өткен үшінші Евразиялық спорт ойындарында қазақ күресінен 1-орын иеленген.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жансай Смағұлов – 1992 жылдың 26 қыркүйегінде дүниеге келген қазақ дзюдошысы. Ол – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2011 жылғы түлегі, 2013жылы ҚР чемпионы атағын алған. ҚР әлемдік деңгейдегі спорт шебері, Әлемдік Гран-придің 2014жылғы және 2016 жылғы екі дүркін күміс жүлдегері, сонымен қатар 2016жылы мен 2017 жылдардың екі дүркін қола жүлдегері; Әлемдік Гран-при кезеңдерінің үш дүркін (2015, 2017, 2018 )жеңімпазы; 2016 жылғы Рио-2016 ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысушысы, 2017 жылы Гонконгта өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2017 жылғы ашық Еуропа кубогының жеңімпазы, IJIF рейтингінде 14-орында тұр.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мақпал Абдразақова – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2006 жылғы түлегі. Құсбегілік өнердің шебері, Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы, Қазақстанның тұңғыш бүркітші қызы. Еліміздегі жалғыз бүркітші қыздың біздің Қарағанды облысынан шығып, біздің колледжден білім алуы – үлкен мақтаныш. Өзінің бойына дарыған саятшылық қасиетімен көпшіліктің көзайымына айналған құсбегі.
Қырағы да сақ қыранды қолға үйрету – ер адамдардың өзінің екісінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ал осындай қауіпті де қиын спорт түрін жанына серік еткен Мақпал өз таңдауын былай деп түсіндіреді: «Құс аулауды ең алғаш рет 13 жасымда бастадым. Қазір жасым 25-тен асты. Осындай ата-бабамыздың ежелден келе жатқан аңшылық дәстүрін жалғастырғаныма өте қуаныштымын». Ақжерке есімді бүркітімен Мақпалдың достығы 10 жылға созылып келеді, олар бірге саятшылық құрып, турнирлерге де бірге шығып келеді. «Біздің өлкеміз – кең алқапты, жазиралы жайлаулы, құзар шыңды өлке. Бүл жерлерде түлкі, қасқыр көп жортады. Менің Ақжеркем түлкілерге тамаша түседі. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өзімнің қыраныма өте қатты бауыр басып кеттім. Менің қыран қонған қолыма қарап көбісі құстың ауырлық келтірмейтінін сұрап жатады. Мен үшін құсымды қолыма қондырып жүру – бір ғанибет»,-деп өз сезімімен бөліседі Мақпал қыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тулеутаев Жасулан Байкенович – «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының 2018 жылғы түлегі. Ол 1998 жылдың 12 наурызында дүниеге келген.
Командалық жетістіктері: U-21 дайындық топтары командаларының арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы (2015ж, 2017ж.), Ұлттық студенттер лигасының 2018 жылы күміс жүлде, 2017 жылы қола жүлде иегері, Қарағанды облысының 1997-1998 жылы туғандар арасында чемпионы.
Төл жетістіктері: 2017 жылы, 2018 жылы Қазақстан колледждері арасында екі дүркін «Үздік қақпашы» атағын иеленген, 2017-2018жж. Қарағанды облысының үздік қақпашысы атанды.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Салықова Ажар – колледждің «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының 2017 жылғы түлегі. 1997 жылдың 25 қазанында дүниеге келген Ажар дзюдомен бала күнінен айналысады. Көптеген жетістіктердің нәтижесінде ол дзюдодан спорт шебері атағын иеленеді. Ол жеткен жетістіктер өте көп. Солардың біршамасын атап өтсек: 2012 жылы Барнаулда дзюдодан өткен халықаралық фестивальда 1993-1994 жылы туған жастар арасынан оза шығып, жүлделі 3-орынды иеленеді. 2013 жылы 1993-94 жылы туған жастардың Республикалық чемпионатында 3-орын, 2014 жылы Павлодарда өткен халықаралық турнирде 1-орын иеленеді. Осы жылы спорт шеберлігінің талаптарын толық орындап, атағын иеленді. 2015 жылы Өскеменде өткен халықаралық турнирде 3 және 1-орындарды жеңіп алса, осы жылы Абу-Дабида өткен 1995-96 жылы туған жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысушы болады. 2016 жылы ҚР-ның чемпионатында 1-орын, Үнді елінде өткен 1996-97 жылы туған жастар арасындағы Азия Чемпионатының 2-орын жүлдегері болады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Таттыбаев Айдос – колледждің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2009 жылғы түлегі. «Шахтер» футбол командасының мүшесі.
Туған жылы: 26.04.1990
Бойы: 186
Салмағы: 85
Амплуа: шабуылдаушы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Владислав Хохулев – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. 2012 жылдан бастап «БАРЫС-2» кәсіби хоккейшілер клубының мүшесі.
Туған күні: 07.07.1995
Бойы: 176
Салмағы: 78
Амплуа: шабуылшы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
ВОЛОСЕНКО ЮРИЙ – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. 2012 жылдан бастап «БАРЫС-2» кәсіби хоккейшілер клубының мүшесі.
Туған күні: 29.05.1995
Бойы: 175
Салмағы: 81
Амплуа: қақпашы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мадияр Сандыбаевич Ибрайбеков – колледждің «Құқықтану» 2014 түлегі, хоккейден ҚР-ның чемпионы. 2011-12 жылдары «Барыс-2» , 2012-2015 жылдары «Снежный барыс», 2014-18 жылдары «Немад» клубтарында ойын көрсеткен. Мадиярдың 28 Бүкіләлемдік қысқы универсиада – 2017 алаушысы болуы – үлкен мақтаныш.
Туған күні: 4 қыркүйек 1995 жыл
Бойы: 188
Салмағы: 85
Амплуа: қорғаушы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
ИВАН КИНСТЛЕР – колледждің «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. 2011 жылдан бастап «Барыс-2» кәсіби хоккейшілер клубының мүшесі.
Туған күні: 11.06.1995
Бойы: 183
Салмағы: 83
Амплуа: шабуылшы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ненахов Владислав - «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. «Барыс-2» хоккей клубының мүшесі.
Туған күні: 7 шілде 1995 жыл
Бойы: 177
Салмағы: 87
Амплуа: қорғаушы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Полюшкин Алексей - «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. «Барыс-2» хоккей клубының мүшесі.
Туған күні: 15.02.1995 жыл
Бойы: 190
Салмағы 80
Амплуа: шабуылдаушы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Цветков Владислав – «Құқықтану» мамандығының 2014 жылғы түлегі. «Барыс-2» хоккей клубының мүшесі.
Туған күні: 28 мамыр 1995 жыл
Бойы: 172
Салмағы 72
Амплуа: қорғаушы
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ангуров Бекзод Алимханович - 2016-2017 оқу жылының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша түлегі. Еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Анкеталық ақпараттар:
АТЖ: Ангуров Бекзод Алимханович
Тобы: ДМ-15-3(11) тобының студенті
Туған жылы: 27.10.1997
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Мамандығы: Дене тәрбиесі және спорт
Спорт түрі: еркін күрес
Атағы: «ҚР Спорт шеберлігіне үміткер» атағы берілді
Жетістіктері:
1. Еркін күрестен Новосибирск қаласының ұйымдастыруымен өткен Халыаралық турнирде 55 кг. салмақта 3-орын (4-6 ақпан, 2016 ж.)
2. Еркін күрес бойынша «Огни Екибастуза» атты Республикалық турнирде 67 кг. дәрежесінде 3-орын (28-29 мамыр, 2016 ж.)
________________________________________________________________________________________________________________________________________