- Толығырақ
-
Қаралды: 37084
Колледж миссиясы
Үздіксіз өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі ұсынуға дайын, адами қалыптасқан азаматтық, рухани және адамгершілік қасиеттері бар, қажетті кәсіби және әлеуметтік құзыретке ие, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті экономика мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес экономика, білім беру, құқық, ақпараттық жүйелер, аударма ісі саласындағы мамандарды даярлау.
Жалпы мәліметтер
ҚЖК «Болашақ» 2000 жылы құрылған. Негізін салушы – з.ғ. докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.
ҚЖК«Болашақ» студенттердің, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа мүдделі тараптардың мүддесіне жұмыс істейтін ашық ақпараттық ортасы мен заманауи инфрақұрылымды өзектендірілген білім беру жүйесі бар білім беру мекемесі.
2018 жылғы 15 қарашада Колледж жоғарғы колледжге айналды және өз атауын «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі деп өзгертті.
Мамандықтар, оқыту шарттары
Колледжде күндізгі, сырттай оқыту ұйымдастырылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Біліктілік деңгейі – орта буын маманы, қолданбалы бакалавр. Колледж 9 мамандық және 16 біліктілік бойынша мамандар дайындайды:
1. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
- 0101013 мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
2. 0105000 «Бастауыш білім беру»
- 0105013 бастауыш білім беру мұғалімі
- 0105083 шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
3. 0111000 «Негізгі орта білім»
- 0111013 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
- 0111023 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
- 0111083 шетел тілі мұғалімі
- 0111063 математика мұғалімі
- 0111073 физика мұғалімі
- 0111093 информатика мұғалімі
4. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
5. 0201000 «Құқықтану»
- 0201023 кеңесші заңгер
6. 0501000 «Әлеуметтік жұмыс»
- 0501023 тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман
7. 0518000 «Есеп және аудит»
- 0518033 - экономист-бухгалтер
8. 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
- 1304022 байланыс құрастырушысы - кабельші
- 1304043 техник- бағдарламашы
9. 1414000 «Жиһаз өндірісі»
- 1414072 ағаш және жиһаз өндірісі шебері.
Колледж жетім балаларға, мүгедектерге, қамқоршысы барлардың оқу ақыларына 20% жеңілдіктер ұсынады. Бұл санаттағы студенттерге әлеуметтік көмек, стипендиясына үстемақы төленеді. Үздік студенттероқу ақысына10% жеңілдік алады.
Колледждің үздік түлектері, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары «Болашақ» Академиясында оқу үшін гранттарға ие болуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер ұсыну
- Құжаттарды қабылдау
- Дипломның төлнұсқасын беру
- Студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау
- білімін аяқтамаған тұлғаларға анықтама беру
- Азаматтардың жекелеген санаттарына тегін тамақтануды ұсыну
- Білім алушыларға академиялық демалыс беру
- Білім алушыларға жатақхана ұсыну
Контингент
Жыл сайын колледжде 1600 астам студент оқиды. Жылдар бойы экономиканың әртүрлі салалары мен білім беру жүйелері үшін алты мыңнан астам мамандар бітірді.
Мемлекеттік тапсырыстар бойынша күндізгі бөлім студенттерінің үлесі 88%-ды құрайды.
Педагогикалық құрам
Колледжде тұрақты және жоғары кәсіби ұжым бар.
Оқытушылардың 60% -ы профессорлар, ғылым кандидаттары, магистрлер, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар. 85% -ы ғылыми басылымдарға ие, әдістемелік құралдардың, студенттерге арналған ұсынымдардың авторлары.
43 оқытушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қарағанды облысының және Қарағанды қаласы әкімдерінің, Қарағанды облысының білім басқармасынан құрмет, марапаттар мен ынталандыруларға ие.
Дарындарды қолдау
Колледж дарынды және қабілетті студенттерге қолдау көрсетеді. Олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін іске асыруы үшін келесі үйірмелер бар:
- вокал
- би
- домбыра үйірмесі
- KТ клубы
- «IT CLUB» жобалық үйірмесі
- «Серпин» поэзия клубы
- робототехника
- барлық мамандықтар бойынша факультативтер
«Батыр» спорттық-сауықтыру кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан тегін секциялар жұмыс істейді.
Халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларға, конкурстарға, байқауларға қатысулар жүлделер, сертификаттармен, Астана, Түркістанға сапарлармен марапатталады, «Үздік студент», «Үздік түлек» атақтары беріледі.
Материалды-техникалық база
Колледж үнемі материалдық-техникалық базасын жетілдіреді. Екі оқу ғимараты, «Батыр» спор198 компьютер бар т кешені, жайлы жатақхана бар. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану үшін 198 компьютер бар, интернетке, Wi-Fi қосылған,түрлі мақсаттар үшін техника түрлері, корпоративтік ұялы байланыс бар.
Жаңа буынның компьютерлік техникасы сатып алынды, жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша кабинет бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, 3-D әсерлі интерактивті жабдықпен жабдықталды;
спорт алаңы (жасанды шалғынды футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңы, тартанмен қапталған жүгіру алаңы, секіріс шұңқыры, турник бар.)
90 орынға арналған жаңа асхана бар, жаңа жиһаздар мен заманауи жабдықтармен жабдықталған, Wi-Fi бар;
спорт кешені күрделі жөндеуден өтті.
Жетістіктер
2017 жылы «Кәсіпқор» ТАҚ нұсқасы бойынша республикалық рейтингте жеке колледждер арасында үшінші орын алды, 2018 ж.Республикалық рейтингіде НАОКО бойынша бесінші орынды иеленді.
2017 жылы Колледж аккредиттеуден өтті: институционалды аккредиттеу туралы сертификат алынды (2017 жылдың 16 қаңтарындағы IA № 030) . Арнайы аккредиттеу үшін екі мамандық бойынша - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Әлеуметтік жұмыс» (SA №0014 2017 жылдың 16 қаңтарында) куәлік алынды.
Колледж 2017 жылы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ақпаратқа негізделген Ұлттық бизнес-рейтингінің қорытындысы бойынша. «Мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі» номинациясында «2017 жылғы Ұлттық көшбасшы» сертификатына ие болды.
Дәстүрлер
Жыл сайын студенттер арасында интеллектуалды сайыстар, студенттердің ғылыми конференциялары, өзін-өзі басқару күндері, студенттер мен оқытушылар арасында спартакиадалар, «Дебют», «Арқа Аруы», «Мисс және мистер Болашақ» шығармашылық конкурстары, жетім балалар мен мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциялары, «Соңғы қоңырау»мерекесі өткізіледі.
Жаңа дәстүрлер қатарында Колледж күнін, «Болашақ жұлдыздары» шығармашыл жастар фестивалін, оқытушылар спартакиадасын, облыс және республика ақындары қатысуымен «Қазыналы қара өлең»атты поэзия кештерін өткізуді атап кетуге болады.
Колледж халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізеді:
«Қазіргі Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі мектепке дейінгі білім беру»
«Қазіргі заманғы білім беру ортасы: жаңашылдық, тәжірибе, келешек».